Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі қалғандар жоқ": апатты жағдайда қонған Иран президентінің тікұшағы табылды

Жарияланған күні:

Апатқа ұшыраған тікұшақ
Апатқа ұшыраған тікұшақ. Видеодан кадр: t.me/isna94

Апатта жағдайда қонған Иран президент Ибрахим Раиси мен Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы отырған тікұшақтың сынықтары табылды. БАҚ апаттан тірі қалғандар табылмағанын жазды.

СNN арнасының Иранның мемлекеттік IRINN ақпарат агенттігі мен Mehr News агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, тікұшақ құлаған жерден тірі қалған адамдар табылмаған.

Бұл жөнінде Иранның Қызыл жарты ай ұйымы да Telegram-дағы арнасында хабарлады. Ұйым басшысы Пир Хоссейн Коливанд құтқарушылар тікұшақ апат болған жерге жеткенін, бірақ борттағы адамдардың аман қалғанын білдіретін белгілер жоқ екенін айтты.

Иранның ISNA ақпарат агенттігі Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшағы құлаған делінген аумақтан түсірілген кадрларды жариялады. Видео агенттіктің Telegram-дағы арнасында жарияланды.

Еске салсақ, кеше, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ елдің солтүстік-батысында апатты жағдайда қонғаны хабарланып, бірнеше сағат өтсе де табылмай жатқанын жазған едік.

IRNA агенттігі Иранның вице-президенті Мохсен Мансуридің сөзіне сілтеме жасап, тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін Иран президенті Ибрахим Раисидің жанындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын хабарлаған.

Алайда Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Хосейн Салами ирандық телеарнаға Раиси ұшқан тікұшақтың жолаушылары ұшақ қатты қонғаннан кейін байланысқа шыққаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2103389-tiri-qalgandar-zhoq-apatty-zhagdaida-qongan-iran-prezidentining-tikushagy-tabyldy/