Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленскийдің президенттік мерзімі аяқталды: БҰҰ мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Beata Zawrzel / NurPhoto / Getty Images

БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик ұйымның Зеленскийдің өкілеттік мерзімі аяқталғанына қарамастан Украинадағы президенттік сайлауды кейінге қалдыру туралы ұстанымын білдірді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми өкілінің айтуынша, Зеленский БҰҰ үшін мемлекет басшысы болып қала береді.

"Президент Зеленский біз үшін Украина мемлекетінің басшысы және бас хатшы Украина басшысымен байланысу қажет болғанда сөйлесетін адам болып қала береді", - деді Дюжаррик.

Еске салсақ, Зеленский 2019 жылы Украина президенті болып сайланған болатын.

Украина Конституциясына сәйкес, ел президенті бес жыл мерзімге сайланады, сайлау осы жылдың наурыз айында өтуі керек еді.

Бұған қоса қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Украинада 2022 жылдан бастап күшіне енген әскери жағдай бойынша сайлау өткізуге тыйым салынған.

Алайда өткен қарашада Украинада 2024 жылы президент сайлауы өтеді деген қауесет тарады. Бұл туралы Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренко мәлімдеді.

Кейінірек Украина басшысы Владимир Зеленскийдің өзі 2024 жылы президент сайлауын өткізуге қарсы екенін айтты.

Айта кетейік, өткен жылы Зеленский әскери перация аяқталса, екінші мерзімге сайлауға түсу ойы жоқ екенін, ал егер жалғаса берсе, ол өз орнында қалуға ниетті екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2104131-zelenskiiding-prezidenttik-merzimi-aiaqtaldy-buu-malimdeme-zhasady/