Тікұшақ, бренд киім мен гауһартас: Африкадағы элиталық мектеп түлектерінің бітіру кеші қалай өтті (фото, видео)
Жарияланған күні:
Интернетте Угандадағы элиталық мектептегі бітіру кешінің видеосы миллиондаған қаралым жинап үлгерді. Олар салтанатты іс-шараға тікұшақпен және қымбат көліктермен келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
@dw_photography_ug youtube-арнасындағы видеода бай мектеп түлектерінің кеші сән-салтанатымен, көлемімен таңғалдырады. Олардың кейбірі тіпті іс-шараға жеке тікұшағымен келген. Ал енді біреулері өте қымбат брендті киімдер кисе, кей мектеп түлектері жүз мыңдаған доллар тұратын гауһартастармен жарқырап жүрді.
"Кадрлардан көріп отырғандарыңыз – жұлдыздар жиналған кеш емес, бұл салтанатты қызыл кілем Угандадағы элиталық мектептердің біріндегі бітіру рәсіміне жайылған", - деп жазылған ZTB Instagram-парақшасында.
Әлеуметтік желілерде тікұшақпен келіп, жұртты таңғалдырған қос түлекті соңғы төрт жылдағы Угандадағы ең керемет жұп деп атаған.
Кейбір интернет қолданушылары "тіпті атақты Ломе француз лицейінің де мұндай сәнді бітіру кешін өткізуге шамасы келмейтінін" атап өткен.
Іс-шараның ауқымы бойынша түлектер Met Gala немесе Канн кинофестивалімен оңай бәсекелесе алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2104275-afrikada-tulekter-mektep-keshine-tikushaqpen-zhane-qymbat-koliktermen-keldi-video/