Ресейде тағы бір генерал қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русскомРесей Қарулы күштерінің 58-армиясының бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Иван Попов қамауға алынды. Ол аса ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Тергеудің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініші 235-гарнизондық әскери сотында қаралды.
РБК мәліметінше, былтыр шілдеде Попов қол астындағылар мен әскери қызметкерлерге аудио үндеуінде "жоғары басшылықпен болған қиын жағдай" туралы хабарлады. Кейін ол қызметінен шеттетілгені белгілі болды.
Попов Иван Иванович 1975 жылы Волгоград облысында дүниеге келген, Мәскеу жоғары әскери командалық училищесін, Жалпы әскери академиясын және Бас штабтың Әскери академиясын бітірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2104602-reseide-tagy-bir-general-qamauga-alyndy/