jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ресейде тағы бір генерал қамауға алынды

Иван Попов
Иван Попов. Фото: ric.mil.ru

Ресей Қарулы күштерінің 58-армиясының бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Иван Попов қамауға алынды. Ол аса ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Тергеудің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініші 235-гарнизондық әскери сотында қаралды.

РБК мәліметінше, былтыр шілдеде Попов қол астындағылар мен әскери қызметкерлерге аудио үндеуінде "жоғары басшылықпен болған қиын жағдай" туралы хабарлады. Кейін ол қызметінен шеттетілгені белгілі болды.

Попов Иван Иванович 1975 жылы Волгоград облысында дүниеге келген, Мәскеу жоғары әскери командалық училищесін, Жалпы әскери академиясын және Бас штабтың Әскери академиясын бітірген.

Ресейде тағы бір генерал қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.