Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикада митинг кезінде сахна құлап, тоғыз адам қаза тапты (видео)

Жарияланған күні:

Мексикада сайлауға байланысты митинг кезінде сахна құлады
Қайғылы оқиға болған жер. Фото: Julio Cesar Aguilar/AFP via Getty Images

Мексикада сайлауға байланысты митинг кезінде сахна құлап кетті. Салдарынан адамдар қаза тауып, кейбірі жарақат алған, оның ішінде бір бала бар.

The Straits Times басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 22 мамырда Мексиканың солтүстігіндегі Нуэво-Леон штатында болған. Губернатор Самуэль Гарсия қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, "Азаматтық қозғалыс" партиясының сайлауалды шарасында сахна құлап, салдарынан сегіз ересек адам мен бір бала қаза тауып, 50 адам жарақат алған.

Сондай-ақ басылымның президенттікке үміткер Хорхе Майнстің сөзіне сүйеніп жазуынша, сахнаның құлауына екпінді жел себеп болған.

"Мұндай жағдай өмірімде бірінші рет болды", - деді саясаткер журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол сайлауалды бағдарламаны тоқтатып, билік бұл оқиғаны тексеретініне үміттенетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2105712-meksikada-miting-kezinde-sahna-qulap-togyz-adam-qaza-tapty-video/