Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Иранда тікұшақ апатынан қаза тапқан Ибрахим Раисидің денесі жер қойнына тапсырылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Иран президенті Ибрихим Раисиді жерлеу рәсімі
Иран президенті Ибрихим Раисиді жерлеу рәсімі: Ata Dadashi/Getty Images

19 мамырда тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раиси туған жері – елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында жерленді.

Елдің солтүстік-батысында, Әзербайжан шекарасына жақын маңдағы таулы аймақта тікұшақ апатынан Раисиден басқа тағы жеті адам қаза тапты, олардың арасында Иран сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахиан бар.

Иран президенті Ибрихим Раисиді жерлеу рәсімі
Иран президенті Ибрихим Раисиді жерлеу рәсімі: Ata Dadashi/Getty Images

Кеше Иранда марқұмдармен қоштасу рәсімі өтті. Қоштасу рәсіміне жиналғандардың қарасы көп болды.

Президенттің денесі имам Реза кесенесіне қойылды.

Иран президенті Ибрихим Раисиді жерлеу рәсімі
Иран президенті Ибрихим Раисиді жерлеу рәсімі: Anadolu/Getty Images

63 жастағы Раисиді Ирандағы көптеген адам өзінің тәлімгері 85 жастағы Али Хаменеидің елдің жоғарғы көшбасшысы ретіндегі мұрагері деп білген.

Иранның жаңа президентін сайлау 28 маусымға белгіленген.

Еске салайық, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ елдің солтүстік-батысында апатты жағдайда қонғаны хабарланып, бірнеше сағат өтсе де табылмай жатқанын жазған едік.

IRNA агенттігі Иранның вице-президенті Мохсен Мансуридің сөзіне сілтеме жасап, тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін Иран президенті Ибрахим Раисидің жанындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын хабарлаған.

Алайда Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Хосейн Салами ирандық телеарнаға Раиси ұшқан тікұшақтың жолаушылары ұшақ қатты қонғаннан кейін байланысқа шыққаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтқан.

20 мамырда апатта жағдайда қонған тікұшақтың бөлшектері табылғаны мәлім болды. Кейін Иран президентінің тікұшақ апатынан қаза тапқаны хабарланды.

Ибрахим Раисидің қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан осы елдің Жоғары лидері Әли Хаменеи мен бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге және барша Иран халқына көңіл айтты.

Сонымен қатар Иран президентінің өкілеттігі Раисидің бірінші орынбасары, вице-президент Мохаммад Мохберге берілген болатын.

Кейін қайғылы жағдайға байланысты елде бес күндіз аза тұту күні жарияланды.

Иран президенті Ибрихим Раисиді жерлеу рәсімі
Иран президенті Ибрихим Раисиді жерлеу рәсімі. Фото: Atta Kenare/Getty Images

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, Ибрахим Раиси мен үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза табуына байланысты иран халқына көңіл айтты және қолдау білдірді.

Сондай-ақ Қазақстанның атынан жерлеу рәсіміне мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысатыны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2106027-iranda-tikushaq-apatynan-qaza-tapqan-ibrahim-raisiding-denesi-zher-qoinyna-tapsyryldy/