Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заңды сақтаймыз": Германия Израиль премьер-министрі Нетаньяхуды тұтқындауға дайын екенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху. Фото: Jacquelyn Martin/Getty Images

Германия канцлері Олаф Шольцтің баспасөз хатшысы Штеффен Хебестрайт Германия Израиль премьер-министрі Нетаньяхуды тұтқынға алуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Берлиндегі Израиль елшісі Рон Просор X желісінде Германияның федералды үкіметін Халықаралық қылмыстық соттың заңдылығынан толығымен бас тартуға шақырған жазбас- жариялады.

Алайда Германия канцлері Олаф Шольцтің баспасөз хатшысы Штеффен Хебестрайт "Германия үкіметі Халықаралық қылмсытық соттың Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды әскери қылмыс жасады деген айыппен тұтқындау туралы бұйрығын орындай ма?" деген сұраққа Германия бұған дайын екенін айтты.

"Иә, әрине. Біз заңды сақтаймыз", - деді Хебестрайт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2106549-zangdy-saqtaimyz-germaniia-izrail-premer-ministri-netaniahudy-tutqyndauga-daiyn-ekenin-malimdedi/