Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістандағы ойын-сауық саябағында болған өрттен 30-ға жуық адам қаза тапты (видео)

Жарияланған күні:

Үндістандағы ірі өрт
Үндістандағы ірі өрт. Видеодан кадр: twitter.com/AAPforNewIndia

25 мамырда Үндістанның Гуджарат штатындағы Раджкот қаласында ойын-сауық саябағында өрт шықты. Салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды The New York Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның полиция деректеріне сілтеме жасап хабарлауынша, 25 мамырда Үндістанның батысындағы Раджкот қаласында ойын-сауық саябағында ірі өрт шыққан. Полиция комиссары Раджу Бхаргава өрттің бақылауға алынғанын және құтқару операциясы жүріп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, қазірге дейін 27 адамның қайтыс болғаны расталды, оның ішінде төртеуі – 12 жасқа дейінгі балалар.

Сонымен қатар Үндістанның құқық қорғау органдары өрттің шығу себебін анықтауға кірісіп, саябақ иесі мен менеджерін ұсталғанын хабарлады.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Раджкоттағы өртке қатты қайғыратынын жазды.

"Менің ойым жақындарынан айырылғандармен бірге. Зардап шеккендер үшін дұғадамын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2107113-undistandagy-oiyn-sauyq-saiabagynda-bolgan-ortten-30-ga-zhuyq-adam-qaza-tapty-video/