jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Зеленский Си Цзиньпинді саммитке шақырды: Қытай тарабының жауабы белгілі болды

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Chris McGrath/Getty Images

Қытай Украина президенті Владимир Зеленскийдің ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге Швейцарияда өтетін саммитке шақыруына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин Украина президенті Владимир Зеленскийдің ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге Швейцариядағы саммитке шақыруына жауап берген. Оның айтуынша, Бейжің Украина қақтығысына қатысты бейбіт конференция өткізуді жақтайды.

"Қытай дағдарысты бейбіт жолмен шешуге ықпал ететін барлық жолды қолдайды, сондай-ақ Ресей мен Украина мойындаған, барлық тараптың тең қатысуымен және барлық бейбіт бастамаларды бейтарап талқылау арқылы халықаралық бейбіт конференцияның уақтылы шақырылуын қолдайды", - деді ол.

Айта кетейік, Швейцария саммиті 15-16 маусымда Бургенсток қаласында өтеді. Саммитке 160 елден делегация шақырылды. Ресей бұл қатарға кірмеді.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Зеленскийдің Украина басшысы ретіндегі өкілеттігі 20 мамырда аяқталғанын айтқан.

Зеленский Си Цзиньпинді саммитке шақырды: Қытай тарабының жауабы белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.