Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда алапат су тасқыны болды: қаза тапқандар бар (видео)

Опубликовано:

Германиядағы су тасқыны
Германиядағы су тасқыны. Фото: Sascha Schuermann/Getty Images

Германияның оңтүстігінде Бавария мен Баден-Вюртембергте жауған нөсер салдарынан қатты су тасқыны болды. Бұл туралы DW сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жергілікті БАҚ ақпараты бойынша, Германияның оңтүстігінде жауған нөсер жаңбыр Бавария мен Баден-Вюртембергте Дунай өзенінің арнасынан асып кеткен. Жағалауда орналасқан аудандарда тұрғындар эвакуацияланды.

Баварияның Білім және мәдениет министрлігі Пфаффенхофен-ан-дер-Ильм, Айхах-Фридберг, Нойбург-Шробенхаузен, Фрайзинаг, Фюрстенфельдбрук, Дахау, Диллинген және Аугсбург қалаларында орналасқан бастауыш, орта және жоғары білім беретін оқу орындарында, мектептер, техникумдар, ясли мен балабақшаларда алдағы аптада сабақтар тоқтатылатынын хабарлады.

Баварияның премьер-министрі Маркус Зёдер су тасқыны сәрсенбі немесе бейсенбіге дейін жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Су тасқыны кезінде бірінші болып өрт сөндіруші қаза тапқан. Ол Мюнхеннен 100 шақырым жерде резеңке қайықта болған еді. Құтқару операциясы кезінде қайық аударылып кеткен. Кейін бавариялық Пфаффенхофен-ан-дер-Ильм қаласында оның денесі табылды.

Шробенгаузен қаласында 43 жастағы әйел су тасқынының екінші құрбаны болды. Ол табиғи сипаттағы апат кезінде су басқан ғимараттың жертөлесінде болған еді.

Кейін құтқарушылар Баден-Вюртембергтің оңтүстік-батысында орналасқан ғимараттың жертөлесінен екі адамның денесін тапты.

Германия канцлері Олаф Шольц Баварияға барып, су тасқынынан зардап шеккендерге федералдық қолдау көрсетуге уәде берді. Сондай-ақ ол Германиядағы адамдар табиғи сипаттағы апаттарға, әсіресе су тасқынына бейімделу керегін айтты.

Оның айтуынша, қазір климаттың антропогендік өзгеруін тоқтату қажет және бұл міндетті үнемі назарда ұстау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2112057-germaniiada-alapat-su-tasqyny-boldy-qaza-tapqandar-bar-video/