Ұшағы радардан жоғалып кеткен Малави вице-президенті қаза тапқаны белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАфрикалық Малави Республикасының вице-президенті Саулос Клаус Чилима ұшақ апатынан қаза болды. Дүйсенбі, 10 маусымда вице-президент мінген ұшақпен байланыс үзілген, деп хабарлайды Aljazeera арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Елде бір күндік іздестіру жұмыстарынан кейін Малави Африка Республикасының вице-президенті, 51 жастағы Саулос Клаус Чилима отырған ұшақ қирандысы табылды.
Бортта он адам болған, ешкім аман қалмады. Бұл туралы Малави президенті Лазарус Чаквера тұрғындарға арнаған үндеуінде айтты.
10 маусымда вице-президент мінген ұшақпен байланыс үзілген.
Елдің солтүстігіндегі таулы аймақта әскери ұшақтың сынықтары табылды. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ ауа райының қолайсыздығынан ағашқа соғылған.
Дүйсенбіде ел астанасы Лилонгведен ұшып шыққан ұшақ 45 минуттан соң Мзузу халықаралық әуежайына қонуға тиіс еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2115675-malavi-respublikasynyng-vitse-prezidenti-ushaq-apatynan-qaza-tapty/