jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ұшағы радардан жоғалып кеткен Малави вице-президенті қаза тапқаны белгілі болды

Саулос Клаус Чилима
Саулос Клаус Чилима. Фото: AMOS GUMULIRA/AFP via Getty Images

Африкалық Малави Республикасының вице-президенті Саулос Клаус Чилима ұшақ апатынан қаза болды. Дүйсенбі, 10 маусымда вице-президент мінген ұшақпен байланыс үзілген, деп хабарлайды Aljazeera арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елде бір күндік іздестіру жұмыстарынан кейін Малави Африка Республикасының вице-президенті, 51 жастағы Саулос Клаус Чилима отырған ұшақ қирандысы табылды.

Бортта он адам болған, ешкім аман қалмады. Бұл туралы Малави президенті Лазарус Чаквера тұрғындарға арнаған үндеуінде айтты.

10 маусымда вице-президент мінген ұшақпен байланыс үзілген.

Елдің солтүстігіндегі таулы аймақта әскери ұшақтың сынықтары табылды. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ ауа райының қолайсыздығынан ағашқа соғылған.

Дүйсенбіде ел астанасы Лилонгведен ұшып шыққан ұшақ 45 минуттан соң Мзузу халықаралық әуежайына қонуға тиіс еді.

Ұшағы радардан жоғалып кеткен Малави вице-президенті қаза тапқаны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.