Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пашинян Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Никол Пашинян
Никол Пашинян. Фото: Contributor/Getty Images

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығатынын мәлімдеді. Бұл жөнінде ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян парламентте елдің ҰҚШҰ-дан шығатынын мәлімдеді, бірақ уақыты әлі нақтыланбаған.

"Мұның бәріне альянсты (ҰҚШҰ – ТАСС ескертпесі) құрғандар кінәлі, оның мүшелері бізге және Әзербайжанға қарсы соғыс жоспарлаған", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян француз телеарнасына берген сұқбатында елінің ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтата тұратынын айтқанын жазған едік.

"Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім, әсіресе 2021-2022 жылдары орындалмады әрі оны біз назардан тыс қалдыра алмадық. Біз бұл келісімге қатысуымызды тоқтата тұрдық. Енді не болатынын көреміз", - деген сұқбатта Пашинян.

Пашинян егер ұйым өз міндеттемелерін орындамаса, ҰҚШҰ-ға мүшелігін заңды түрде тоқтатанын ескерткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2116425-pashinian-armeniia-uqshu-dan-shygatynyn-malimdedi/