Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Никол Пашинян
Никол Пашинян. Фото: Getty Images/ Anadolu Agency / Contributor

Армения премьер-министрі Никол Пашинян француз телеарнасына берген сұхбатында елінің ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтата тұратынын айтты. Елдің ұйымнан толық шығуы туралы әзірге ештеңе айтылып жатқан жоқ.

РИА Новости басылымының мәліметінше, Армения премьер-министрі ел билігінің пікірінше, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік келісімі орындалмағанын айтқан.

"Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім, әсіресе 2021-2022 жылдары орындалмады әрі оны біз назардан тыс қалдыра алмадық. Біз бұл келісімге қатысуымызды тоқтата тұрдық. Енді не болатынын көреміз", - деді ол.

РБК Никол Пашинян жүргізушінің "Арменияны "Ресей үстемдік ететін" ұйымнан шығарғыңыз келе ме деген?" сұрағына осылай жауап бергенін атап өтті.

Оған "Арменияның солтүстігінде 1995 жылы орналастырылған ресейлік әскери базаны жабу мүмкін бе?" деген де сұрақ қойылды. Бұған премьер-министр мұндай мәселе күн тәртібінде жоқ екенін айтып, жауап берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде "Армения ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін деген" қауесет тараған еді. Алайда өткен жылдың қарашасында Никол Пашинян бұл мәселеге пікір білдірді.

"Неліктен біз ҰҚШҰ-дан шығу немесе ҰҚШҰ-ға қатысуды тоқтату туралы шешім қабылдаған жоқпыз немесе қабылдамаймыз? Біз Арменияның мемлекеттік мүддесін басшылыққа аламыз. Ал егер біз қазір қандай да бір шешім қабылдаған болсақ немесе қабылдамаған болсақ, онда біздің бағдар - Арменияның мемлекеттік мүддесі.

Бірақ егер біз өзіміздің барлық әлеуетіміз бітті деп есептесек, онда қоғамда бұл ұйымда неге қалып қойғанымыз жөнінде сұрақ туындайды", - деді ол.

Осыдан бірнеше күн бұрын Минскіде ҰҚШҰ саммиті өтті, бірақ кездесуге Армениядан ешкім келген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2062568-pasinyan-armeniyanyn-uqsu-ga-qatysuyn-toqtatqanyn-malimdedi/

pixel