Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барак Обама сахнада "қатып тұрып қалған" Джо Байденді ертіп әкетті (видео)

Опубликовано:

Джо Байден, Барак Обама
Джо Байден, Барак Обама. Видеодан кадр: twitter.com/chrissgardner

Желіде АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың сахнада тұрып қалған қазіргі президент Джо Байденді ертіп кетіп бара жатқан видеосы тарады.

Видеоны New York Post жариялады. Бұл жайт өткен сенбіде Лос-Анджелесте сайлауалды науқанға қаржы жинау кезінде болған.

Ыңғайсыз жағдай Байден мен Обаманың жүргізуші Джимми Киммелге театр сахнасында 45 минут сұқбат бергеннен кейін болған.

Видеожазбадан Джо Байденнің көрермендер қол шапалақтап тұрған кезде сахнада бір нүктеге қарап тұрып қалғаны, сосын оны Барак Обама білегінен ұстап, ертіп алып кеткенін көреміз.

Авторлар осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ президенті Апулиядағы G7 саммитінде осындай қылық көрсеткенін атап өтті. Италияда да Байден таңғалғандай не болмаса қайда тұрғанын түсінбей тұрғандайдай тұрып қалған. Ол сәт те видеоға түсіп қалған.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2118480-barak-obama-sahnada-qatyp-turyp-qalgan-dzho-baidendi-ertip-aketti-video/