Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Солтүстік Кореяға ресми сапармен барды: Ким Чен Ын әріптесін қалай қарсы алды (фото, видео)

Жарияланған күні:

Владимир Путин мен Ким Чен ЫН
Владимир Путин мен Ким Чен ЫН. Фото: t.me/rian_ru

Пхеньяндағы Ким Ир Сен алаңында Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның ресми кездесу рәсімі өтті. Бұл туралы РИА Новости басылымының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресейлік басылымның жазуынша, Владимир Путиннің КХДР-ға екі күндік ресми сапары 18 маусымда басталған. Оны Пхеньян әуежайында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын күтіп алған.

Екі ел басшылары бірнеше минут сөйлесіп, кейін олардың кортежі әуежайдан кеткен.

Бүгін, 19 маусымға жоспарланған кеңейтілген келіссөздер барысында екі ел басшылары халықаралық күн тәртібін, сондай-ақ қауіпсіздік, экономика, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Ресей президенті жұмыс сапары барысында гала-концерт ұйымдастырылып, мемлекеттік қабылдау, сондай-ақ Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Кореяны азат еткен Қызыл Армия жауынгерлеріне арналған "Азаттық" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Бүгін таңертең Путин Пхеньяндағы Ким Ир Сен алаңына келді. Басылым мәліметіне сүйенсек, "Кымсусан" мемлекеттік резиденциясында өткен кездесу мен ортақ суретке түсіп болғаннан кейін екі ел басшылары келіссөздерді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2119959-putin-24-zhyldan-beri-soltustik-koreiaga-algash-ret-bardy-kim-chen-yn-ariptesin-qalai-qarsy-aldy-foto-video/