jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "Енді шоу болмайды": Жапаров Орталық Азиядағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты

    Ақылбек Жапаров
    Ақылбек Жапаров. Фото: Ақорда

    Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров тау-геологиялық форумда "Қамбар-Ата" ГЭС-1 жобасы туралы сөз қозғады, деп жазады Sputnik Кыргызстан.

    Басылымның Telegram-дағы ресми арнасының жазуынша, Ақылбек Жапаров "MINEX Орталық Азия" форумында сөйлеген сөзінде кейбір сенсациялық журналистер болжап отырғандай, Орталық Азиядағы су ресурстарына қатысты "шоу" енді болмайтынын айтқан.

    Оның айтуынша, барлық халықтың игілігі үшін тек бейбіт серіктестік болады.

    Жапаров Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы "Қамбар-Ата" ГЭС-1 құрылысы туралы келісім Орталық Азия елдерінің ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында бірігуінің үлгісі деп санайды. Ол жобаны "ғасыр құрылысы" деп атады.

    "Енді шоу болмайды": Жапаров Орталық Азиядағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.