Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

НАТО-ны енді кім басқаратыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Марк Рютте
Марк Рютте. Фото: Jakub Porzycki/NurPhoto via Getty Images

НАТО басшысы өкілеттігі Нидерландтың қызметтен кеткен премьер-министрі Марк Рюттеге беріледі, деп хабарлайды Euronews. Ол бұл қызметте Йенс Столтенбергті алмастырады.

Басылым мәліметінше, НАТО басшысы болып Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте тағайындалады.

Рютте Солтүстік Атлантикалық альянстың бас хатшысы лауазымына жалғыз үміткер болып отыр. Саясаткер НАТО-ның барлық елі, соның ішінде Румыния басшыларының қолдауына ие болды.

Рютте мерзімі қазан айында аяқталатын Йенс Столтенбергті алмастырады.

Басылым ақпаратынша, бұл қызметке келу үшін Рютте Венгрия әскери альянстың Украинаны қолдау жөніндегі жаңа жоспарларына қатыспайтынына жазбаша кепілдік берген.

57 жастағы Рюттені НАТО-ның бас хатшысы қызметіне тағайындау шешімі шілдеде Вашингтонда өтетін альянс саммитінде ресми түрде жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2121264-nato-ny-endi-kim-basqaratyny-belgili-boldy/