jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркиядағы орман өртінен оннан астам адам қаза тауып, 80-ге жуық адам жарақат алды (видео)

Түркиядағы орман өрті
Түркиядағы орман өрті. Видеодан кадр: t.me/turknws

Кеше, 20 маусымда түнге таман Түркияның Диярбакыр мен Мардин провинциялары арасындағы егістік алқаптарда өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша 11 адам қаза тапқаны, 80-дей адам жарақат алғаны хабарланды.

Түркия Ішкі істер министрі Али Эрликая X әлеуметтік желісінде өрттің Диярбакыр провинциясында сағат 22:15-те басталғанын, жел салдарынан өрт Мардинге қарай ойысқанын мәлімдеді.

Түркияның TRT Haber арнасы мәліметінше, Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа өрт салдарынан 11 адамның қаза тапқанын, 78 адам жарақат алғанын хабарлады.

Қазір аудан прокуратурасы өртке қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.

Сонымен қатар Түркия News Telegram-дағы арнасы ақпараты бойынша өрт салдарынан көптеген жануарлар қырылғанын, өңірге ветеринарлық көмек қажет болған.

TRT Haber телеарнасы Түркияның Чорум провинциясында 5 гектар орманды өрт шарпығанын хабарлады.

Түркиядағы орман өртінен оннан астам адам қаза тауып, 80-ге жуық адам жарақат алды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.