Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дағыстанда үш күн қатарынан қаралы күн жарияланды

Жарияланған күні:

Дағыстанның үкімет үйі
Дағыстанның үкімет үйі. Фото: t.me/melikov05

Дағыстанда 24-26 маусым аза тұту күні болып жарияланды. Тиісті жарлыққа аймақ басшысы Сергей Меликов қол қойды, деп хабарлайды оның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аза тұту күндері Дағыстан Республикасының барлық аумағында мемлекеттік ту түсіріледі.

Дағыстанда орналасқан мәдени мекемелер мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық бағдарламаны тоқтатады.

️"Дағыстан үкіметіне қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 24 маусымға қараған түні Махачкала мен Дербентте террористік шабуылдар жасалған. Салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2122662-dagystanda-ush-kun-qatarynan-qaraly-kun-dep-zhariialandy/