Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжанда бұрын сотталған тұрғынды тұтқындау кезінде үш полиция қызметкері оққа ұшты

Жарияланған күні:

қару ұстаған адам
Қару ұстаған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Әзербайжан астанасы Бакуде бұрын сотталған тұрғынды тұтқындау кезінде үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза болды. Бұл туралы Sputnik Әзербайжан агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, оқиға Шувелян ауылында болған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұрын сотталған Ровшан Аллахвердиевті тұтқындау кезінде ол отбасы мүшелерін қалқан етіп, үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғынға аңшы мылтығынан оқ атқан. Салдарынан олар қаза болған.

Ровшан Аллахвердиевтің көзі жойылған.

Айта кетейік, 24 маусымға қараған түні Дағыстандағы теракт кезінде 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты. Оқиға орнында алты террористің көзі жойылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2122794-bakude-atystan-politsiia-qyzmetkerleri-men-beibit-turgyndar-qaza-boldy/