Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ресейде жолаушылар пойызы аударылған, 70-ке жуық адам зардап шекті (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Комидегі аударылып түскен пойыз вагондары
Аударылып түскен пойыз вагондары. Фото: t.me/komivkomi

Бүгін, 27 маусымда Коми Республикасында Воркута-Новороссийск жолаушылар пойызының 9 вагоны аударылды. Салдарынан 70-ке жуық адам зардап шеккен. Оқыс оқиға орнында құтқарушылар жедел құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы SHOT арнасының ақпаратына сүйенсек, Инта станциясынан аттанғаннан 10 минут өткен соң 9 вагон үйілген топырақтан аударылып кеткен. Оқыс оқиға орнына келіп үлгерген куәгерлер мен құтқарушылар сынған терезелер арқылы жолаушыларға жету үшін аударылған вагондардың үстіне шыққан.

"Ресей теміржолдары" мәліметіне сәйкес, алдын ала болжам бойынша вагондардың аударылуына "қатты жаңбыр салдарынан жол шайылып, нашарлағаны" себеп болған.

Сондай-ақ ТАСС агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған дерекке сенсек, апат салдарынан 70 адам зардап шеккен. Жолаушылар көбіне бассүйек пен мидың жабық жарақатын әрі бастың ісуі жарақатын алды деген күдік бар. Жолаушылардың жағдайы ауыр екені анықталды: құтқарушылар оларды аударылған вагондардан бірден шығара алмаған.

Дәрігерлер тасжол салынбағаны салдарынан оқиға орнына дереу келіп жете алмай, қиындықтарға тап болған. Оқиға орнынан екі қалпына келтіру пойызы жіберілді, сонымен қатар үш тікұшақ келетіні хабарланды.

Сондай-ақ ТАСС агенттігі Коми губернаторы Владимир Уйбаның сөзіне сүйеніп жазуынша, апатқа ұшыраған пойыз жолаушыларын Интаға дейін тек теміржол арқылы эвакуациялауға болады. Себебі айналаның бәрі қалың орман мен батпақ.

Аймақ басшысы зардап шеккендердің ішінде үш адам қазір ауыр халде екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2124666-baq-reseide-zholaushylar-poiyzy-relsterden-zhylzhyp-ketip-70-ke-zhuyq-adam-zardap-shekti/