Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильде Батыс Ніл безгегі өршіді: 46 адам ауруханаға жатқызылып, төртеуі көз жұмды

Опубликовано:

Науқас пен дәрігер
Науқас пен дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

Батыс Ніл безгегі Израильде төрт адамның өмірін қиды, 46 адам ауруханаға жатқызылды. Ел билігі аурудың өршуіне байланысты мәлімдеме жасады.

The Times of Israel басылымының мәліметінше, 48 адамға безгек диагнозы қойылды, оның 36-сы ауруханаға жатқызылды. Ал бесеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Тағы бір өлім бойынша тексеріс жүріп жатыр, қалған өлімдер расталды.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың бәрі елдің орталық аймағының тұрғындары екенін хабарлады.

Джонс Хопкинс университетінің медицина мектебінің ресми сайтында Батыс Ніл вирусының маса арқылы таралатыны айтылған. Вирус адамдарға, құстарға, масаларға, жылқыларға және кейбір басқа сүтқоректілерге жұғуы мүмкін.

Ауру әдетте жаздың ортасынан аяғына дейін және қоңыржай климатта күздің басында жиі тарайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2125302-izrailde-batys-nil-bezgegi-orshidi-46-adam-auruhanaga-zhatqyzylyp-torteui-koz-zhumdy/