Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дели әуежайында шатырдың бір бөлігі опырылып түсті: қаза тапқандар бар (фото)

Опубликовано:

Дели әуежайы
Дели әуежайы. Фото: Creative Touch Imaging Ltd./NurPhoto via Getty Images

Дели халықаралық әуежайында Терминал 1 аймағында тіреуіш бөренелер мен шатырдың бір бөлігі опырылып, тоқтап тұрған көліктерді басып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

NDTV сайтының мәліметінше, төрт көлікке зақым келген. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Құтқару жұмыстары кезінде бір көліктен ер адамның денесі шығарылды.

Дели әуежайындағы оқыс оқиға
Дели әуежайындағы оқыс оқиға. Фото: NDTV

Дели әуежайы өкілдері ресми мәлімдеме жасап, әуежайдағы Терминал 1 ескі шығу аймағындағы шатырдың бір бөлігі жаңбыр салдарынан құлағанын айтты.

Қауіпсіздік шарасы ретінде терминалдан барлық рейс тоқтатылды және тіркеу кассалары жабылды.

Азаматтық авиация министрі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жағдай жеке бақылауында екенін айтты.

Делиде нөсер жаңбыр екінші күн қатарынан жауып жатыр. Қаланың кейбір аудандарын су басып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2125602-deli-auezhaiynda-shatyrdyng-bir-boligi-opyrylyp-tusti-qaza-tapqandar-bar-foto/