jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Түркияның бірнеше провинциясын орман өрті шарпыды (видео)

Өртеніп жатқан қарағайлар
Орман өрті. Фото: twitter.com/FaytuksNetwork

Түркияның кем дегенде үш провинциясында орман өрті шықты. Желіде өрт шыққан аумақтардан видеолар тарай бастады. Тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы жабылды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алғашқыда өрт Измир провинциясының Каражадаг ауылы аумағында басталып, оны он минут ішінде, оның ішінде әуеден де сөндіруге кіріскені хабарланды. Түркияның Қорғаныс министрлігі өрт сөндірушілерге көмек ретінде қосымша бес тікұшақ жіберген. Бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.

Тағы бір өрт сол Измир провинциясының Чешме курорттық аймағында Гермиян ауылына жақын жерде, сондай-ақ Измир – Чешме тасжолының жанында болған.

Чанаккале провинциясында өрт сөндірушілер Эзине аймағындағы ауылшаруашылық алқаптарын шарпыған өртті сөндіріп жатыр, екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланған.

Сонымен қатар Измир провинциясында Памучак ауылына жақын маңда орман өрті басталып, көп ұзамай көршілес Айдын провинциясындағы Кушадасы курортының орманына тарады.

Селчук-Кушадасы тасжолында көлік қозғалысы тоқтатылды. Мұндағы өртті төрт ұшақ пен бес тікұшақ әуеден сөндіріп жатыр.

Бұл ретте өткен аптада Түркияның Диярбакыр мен Мардин провинциялары арасындағы орман өртінен 11 адам қаза тауып, 80-ге жуық адам зардап шеккені мәлім болды.

Түркияның бірнеше провинциясын орман өрті шарпыды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.