Қырғызстанда сел жүрген кезде жоғалып кеткен қазақстандық тағы екі баланың денесі табылды
Жарияланған күні:
Қырғызстанда құтқарушылар Ош облысында сел жүрген кезде жоғалып кеткен тағы екі қазақстандық баланың денесін тапты. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, су тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы екі баланың – Қазақстан азаматының денесі табылған.
"Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізілуде.
Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Министрлік өкілдері жақын арада Қазақстан Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық төрт баланың денесі елге жеткізілетінін хабарлады.
Бұған дейін Қырғызстанда нөсер жауын-шашын салдарынан жүрген сел кезінде қаза тапқандар ішінде қазақстандық екі бала бары анықталғанын, тағы екі бала жоғалып кеткенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2126397-qyrgyztanda-sel-kezinde-zhogalyp-ketken-qazaqstandyq-eki-balanyng-denesi-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.