Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда сел салдарынан қаза болған балалар саны артты

Опубликовано:

Іздестіру жұмыстары
Іздестіру жұмыстары. Фото: instagram.com/mchs_kyrgyzstan

Кеше, 30 маусымда Қырғызстанда сел салдарынан қаза тапқан тағы бір баланың денесі табылды. Кәмелетттік жасқа толмаған баланың жеке басы анықталып жатыр, деп хабарлайды Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қырғызстан ТЖМ-нің Instagram желісіндегі ресми парақшасындағы мәлімет бойынша, Ош облысында лай көшкінінен құрбан болғандар саны тоғыз адамға жетті. Кеше Абшыр-Ата ауылында тағы бір баланың мәйіті табылды.

Ведомсвто өкілдері қазіргі уақытта марқұмның аты-жөні мен туған жылы анықталып жатқанын хабарлады.

Kaktus.Media мәліметінше, сел салдарынан барлығы екі әйел мен 2016 жылғы, 2013 жылғы, 2012 жылғы, 2008 жылғы, 2005 жылғы балалар мен жасөспірім қаза тапқан.

Сел болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, жұма, 28 маусымда Қырғызстанның Ош облысында сел болды.

Кейін селден кейін кәмелетке толмаған екі қазақстандықтың денесі табылғаны белгілі болды. Ал кейінірек Сыртқы істер министрлігі сел салдарынан тағы екі қазақстандық баланың қаза тапқанын хабарлады.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2126577-qyrgyzstanda-sel-saldarynan-qaza-bolgan-balalar-sany-artty/