Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда бір отбасы мінген көлікті сел ағызып әкетті

Опубликовано:

Оқиға орны
Оштағы сел. Оқиға орны Фото: t.me/sputnik_kyrgyzstan

Қырғызстанда 1 шілдеге қараған түнде Ош облысында көлікті жойқын сел ағызып әкеткен. Көлік ішінде бір отбасының бес адамы болған, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттік мәліметінше, оқыс оқиға Ош облысының Қара-Құлжа ауданындағы Жетім-Дөбө ауылында болған. Сел Daewoo Matiz көлігін ағызып кеткен. Отағасы көлік тізгінінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әкесі жеті жасар қызын аман алып қалған. Әкесі қызын қауіпсіз жерге апарып тастап, отбасының қалған мүшелеріне құтқаруға келген. Бірақ сел қатты жүріп, оларды ағызып әкеткен.

Жергілікті тұрғындар мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үш адамның: отағасы, әйелі және бір баласының денесін тапты. Тағы бір бала іздестіріліп жатыр.

Еске сала кетейік, жұма, 28 маусымда Қырғызстанның Ош облысында сел болды.

Селден кейін кәмелетке толмаған екі қазақстандықтың денесі табылғаны белгілі болды. Ал кейінірек Сыртқы істер министрлігі сел салдарынан тағы екі қазақстандық баланың қаза тапқанын хабарлады.

Қырғызстандық БАҚ мәліметінше, сел салдарынан барлығы екі әйел мен 2016 жылғы, 2013 жылғы, 2012 жылғы, 2008 жылғы, 2005 жылғы балалар мен жасөспірім қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2126709-qyrgyzstanda-bir-otbasy-mingen-kolikti-sel-agyzyp-aketti/