Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинаға әскери қолдау көрсетуге қарсы шыққан Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Киевке барды

Опубликовано:

Виктор Орбан
Виктор Орбан. Фото: Dursun Aydemir/Anadolu/Getty Images

Бүгін, 2 шілдеде таңертең Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Украина астанасына соғыс басталғаннан бері алғаш рет ел президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге барды.

РИА Новости агенттігі мәліметінше, Венгрия премьер-министрі қарізгі уақытта Украина астанасында.

"ЕО Кеңесіне төрағалық ететін Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан сейсенбі күні таңертең Киевке барды, онда Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізеді", - деді Орбанның баспасөз хатшысы Берталан Хаваши.

Венгриялық БАҚ-қа сілтеме жасаған РБК-Украина басылымының ақпараты бойынша, тараптар "бейбітшілік орнату мүмкіндігін", сондай-ақ венгр-украин екіжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін талқылайды.

Басылым авторлары Венгрия Украинаға әскери қолдау көрсету қажеттігіне бірнеше рет күмән келтіріп, атысты тоқтатуға шақырған, деп жазды

Айта кетейік, бұл – Венгрия премьер-министрінің соғыс қимылдары басталғаннан бері көршілес Украинаға алғашқы сапары.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2127522-ukrainaga-askeri-qoldau-korsetuge-qarsy-shyqqan-vengriia-premer-ministri-viktor-orban-kievke-bardy/