Израиль Палестина территориясының ең үлкен бөлігін өз жері деп жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русскомИзраиль Иордан өзенінің батыс жағалауындағы 1,27 мың гектар аумақты мемлекеттік жер деп жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Декларацияға 25 маусымда қол қойылғанымен, 3 шілдеде жарияланды. Құжатқа Израильдің қоныстану белсенділігін қадағалап отыратын "Шалом Ахшав" құқық қорғау ұйымы назар аударған.
Ұйым декларацияланған аумақтың ауданы Осло келісімдерінен (1993 жылы және 1995 жылы) кейінгі ең үлкен аумақ екенін атап өтті.
Басылым мәліметінше, жыл басынан бері Тель-Авив Иорданияның Батыс жағалауындағы 23,7 мың гектар жерді мемлекеттік жер деп таныған.
"2024 жыл мемлекеттік жерлерді декларациялаудың шыңы болды", - деп мәлімдеген "Шалом Ахшав" өкілдері.
Мемлекеттік жерлерді декларациялау Израиль бұл аумақты палестиналықтардың жеке меншігі деп санамайтынын және оны пайдалануға тыйым салынғанын білдіреді, деп түсіндірді ұйым өкілдері. Тель-Авив мұндай аумақтарды тек израильдіктерге ғана жалға береді. Бұған дейін көптеген жер, соның ішінде декларацияланған учаске қорық немесе өрт қаупі бар аймақтар ретінде белгіленді, бұл палестиналықтардың оны пайдалану мүмкіндігін айтарлықтай шектеді.
Айта кетейік, 2016 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израильге Иордан өзенінің батыс жағалауына елдімекендер салуға тыйым салатын қарар қабылдаған. Алайда Тель-Авив қарарды орындаудан бас тартты.
2017 жылы Израиль 25 жылдан кейін қайта елдімекендер сала бастадыбастады. Сол жылдың наурызында БҰҰ Израильдің осы аумақтарда 3 мыңнан астам үй салу жоспарын әскери қылмысқа теңеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2128659-izrail-palestina-territoriiasynyng-eng-ulken-boligin-oz-zheri-dep-zhariialady/