jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Радиоға сұқбат берген Байден қателесіп, өзін "қара нәсілді әйел" деп атады

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Sean Rayford/Getty Images

Радиоға берген сұқбатында АҚШ президенті Джо Байден қателесті. Ол "қара нәсілді президент елді басқарған кезде жұмыс істеген алғашқы қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтатынын" айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

The New York Times сайтының хабарлауынша, Байден радионың жүргізушілеріне екі сұқбат берді, бірақ олардың бірінде ол сөзінен шатасып, екінші сұқбатта қателік жіберген.

Ойын әсерлі жеткізбек болған Байден "қара нәсілді президентпен бірге қызмет еткен алғашқы қара әйел" болғанын мақтан тұтатынын айтты. Бұл сөзімен ол Барак Обаманың кезінде вице-президент болған уақытын меңзеген.

Кейіннен Байденнің сайлауалды штабының баспасөз хатшысы Аммар Муса БАҚ-ты президенттің қателігін таратып жіберді деп сынады. Оның айтуынша, "БАҚ шектен тыс кетті".

Сонымен бірге басылым АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен пікірталастан кейін көпшілік Байденнің барлық сөзін жіті қадағалап отырғанын жазды.

Айта кетейік, АҚШ-та Трамп пен Байден сайлауалды дебат өткізгенін жазған едік.

Радиоға сұқбат берген Байден қателесіп, өзін "қара нәсілді әйел" деп атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.