Юлия Навальная Ресейдегі террористер мен экстремистер тізіміне енді
Жарияланған күні:
Читать на русскомРесейдің Басманный соты Алексей Навальныйдың жесірі Юлияны сырттай қамауға алған соң, бүгін оның есімі Ресей қаржылық мониторингтің террористер мен экстремистер тізімінде пайда болды.
РИА Новости басылымының мәліметінше, бүгін Ресей қаржы мониторинг террористері мен экстремистерінің тізіміне Юлия Навальная есімі қосылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәскеу Басманный аудандық соты Алексей Навальныйдың жесірі Юлияны сырттай тұтқындап, халықаралық іздеуге салғанын жазған едік.
"Юлия Борисовна алдын ала тергеу органдарынан жасырынған, сондықтан оған іздеу жарияланды. Сот тергеудің өтінішін қанағаттандырып, 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп хабарлады Мәскеу жалпы юрисдикция соттарының баспасөз қызметі.
Оған экстремистік қоғамдастыққа қатысқан деген айып тағылып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2132643-iuliia-navalnaia-reseidegi-terrorister-men-ekstremister-tizimine-endi/