Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трампқа қастандық жасаған адам туралы жаңа деректер шықты (видео)

Жарияланған күні:

Дональд Трампқа оқ атқан ер адам
Дональд Трампқа оқ атқан ер адам. Видеодан кадр: twitter.com/KKMediaTingz

Желіде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасады деген күдікке ілінген ер адамның видеосы пайда болды. Саясаткерге оқ атқан азамат туралы тағы бірқатар ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін ФТБ өкілдері Дональд Трампқа оқ атқан ер адам Пенсильвания штатындағы Бетел-Парк қаласының 20 жастағы тұрғыны Томас Мэтью Крукс екенін анықтаған болатын.

CNN басылымының ақпаратына сәйкес, оқиға орнында көз жұмған жігітте оның жеке басын куәландыратын ешқандай құжат болмаған.

"Сол себепті ФТБ агенттері ДНҚ сараптамасын өткізіп, биометриялық сәйкестікті растау керек болды", - деді ФТБ-ның Питтсбургтегі басқарма басшысы, арнайы мамандандырылған агент Кевин Ройек.

ФТБ өкілдері сараптамадан кейін Томас Мютью Крукстың есімін атады. Оқиғадан кейін желіде дәл осы атпен өзін таныстырып, республикалықтар мен Дональд Трампты жек көретінін айтқан ер адамның видеосы тарап кетті.

CNN ақпаратынша, Крукс Бетел-парктегі орта мектепті 2022 жылы тәмамдаған. Ол сайлауға дауыс беруде республикалық ретінде тіркелген.

Бұл Крукстың дауыс бере алатын дәрежедегі алғашқы президенттік сайлауы болған. CNN арнасы сенбі күні кешке күдіктінің әкесі Мэтью Крукспен байланысқа шыққан. Ол кезде 20 жастағы жігітітң әкесі не болғанын анықтауға тырысып жатқанын айтты. Мэтью Крукс ұлы туралы ақпарат бермес бұрын алдымен құқыққорғау органдарымен сөйлесетінін жеткізді.

The New York Times басылымының ақпараты бойынша Пенсильвания соттарында Трампқа оқ атқан жігітке қатысты бұған дейін істер қозғалмаған.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.

Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған.

Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.

Дональд Трамп қастандықтан кейін желіде мәлімдеме жасады. Ол шұғыл әрекет еткен құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, қаза тапқан адамның туғандарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2133741-donald-trampqa-qastandyq-zhasagan-er-adam-turaly-zhanga-aqparat-paida-boldy-video/