jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

ФТБ Дональд Трампқа оқ атқан адамның кім екенін анықтады

ФТБ ғимараты
ФТБ ғимараты. Көрнекі фото: Brooks Kraft/CORBIS/Corbis via Getty Images

ФТБ қызметкерлері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасаған адамның кім екенін анықтады. Саясаткерге оқ атқан 20 жастағы жігіт болып шықты, деп хабарлайды CNN басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ФТБ ақпаратына сәйкес, Дональд Трампқа қастандық жасаған 20 жастағы Томас Мэтью Крукс болып шықты.

"ФТБ Пенсильвания штатындағы Бетел-Парк қаласының тұрғыны 20 жастағы Томаса Мэтью Круксты 13 шілде күні Батлер қаласында бұрынғы президент Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысы бар деп таныды", - делінген Федералды тергеу бюросының ресми хабарламасында.

Оқиға бойынша тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.

Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған.

Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.

Дональд Трамп қастандықтан кейін желіде мәлімдеме жасады. Ол шұғыл әрекет еткен құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, қаза тапқан адамның туғандарына көңіл айтты.

ФТБ Дональд Трампқа оқ атқан адамның кім екенін анықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.