jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Байден президенттік додадан қандай жағдайда бас тартатынын айтты

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Frederick M. Brown/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден президенттік жарыстан шығу шартын атады. Бұл туралы саясаткер өзі берген сұқбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

CBS News басылымы 17 шілдеде BET арнасында эфирге шығатын Джо Байденнің сұқбатынан үзінді жариялады. Сұқбат кезінде Байден қандай жағдайда президенттік бәсекеден бас тартасыз деген сұраққа жауап берген.

"Егер менде қандай да бір ауру болса, дәрігерлер келіп, сізде осындай проблема бар десе", - деді Байден.

Еске салайық, көптеген демократ Байденді Трамппен дебаттан кейін сайлау додасынан бас тартуға шақырды. БАҚ дебатты АҚШ-тың қазіргі президенті үшін апатты деп бағалады. АҚШ Демократиялық партиясының демеушілері Байден президенттік сайлаудан бас тартпаса, қаржыландыруды тоқтатпақ ниетте екенін айтты.

Мәселен, әйгілі америкалық актер және Демократиялық партияға қаражат жинауды ұйымдастырушылардың бірі Джордж Клуни де АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденді сайлау додасынан бас тартуға шақырған.

Байден президенттік додадан қандай жағдайда бас тартатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.