Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйіктісі жазған хатпен көйлегін безендірген": ғасыр тойын жасаған үнді ғашықтарының махаббат хикаясы

Жарияланған күні:

Анант Амбани мен Радхика Мерчант
Анант Амбани мен Радхика Мерчант: indianexpress.com

Жақында ғана бүкіл әлемді өзіне қаратқан үнділіктер – Анант Амбани мен Радхика Мерчанттың ғасыр тойы өткен болатын. Қос ғашықтың қалай танысқанын және олардың махаббат хикаясы қалай өрбігенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Анант пен Радхика бір әлеуметтік ортадан шыққандықтан және екеуі де Мумбайда өскендіктен, олар бала кезден таныс болған. Оқу бітірген соң екеуі де АҚШ-қа оқуға аттанады, бірақ әртүрлі университетке түседі. Анант Род-Айлендтегі Браун университетінде, ал Радхика Нью-Йорк университетінде саясаттануды оқиды.

Екеуі шетелге кетсе де, байланыстарын үзбейді, бәлкім, олардың арасында романтикаға толы қарым-қатынас осы кезде пайда болса керек. Себебі 2018 жылы диплом алған соң бір жылдан кейін желіде олардың бірге түскен суреті жарияланып, екеуінің балалық шақтағы достығы махаббатқа айналады.

Анант Амбани мен Радхика Мерчант
Анант Амбани мен Радхика Мерчант: indianexpress.com

Анант Амбани мен Радхика Мерчант
Анант Амбани мен Радхика Мерчант. Фото: instaastro.com

Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынаста романтиканы бағалайтыны анық. Бұған Ананттың сүйіктісіне жазған махаббат хаттары куә. Тіпті 22 жасында жазылған бір хаттың жолымен қалыңдық үйлену тойы алдындағы кешке киген көйлегін безендірген.

"Ол туған күнімде сезімін білдіріп, өмірінде қандай орын алатыным жайлы, қаншалықты бағалайтыны туралы ұзақ хат жазды. Мен бұл хатты балаларым мен немерелеріме көрсетіп, біздің махаббатымыздың қандай екенін көрсеткім келді", - деді Радхика бір сұхбатында.

Радхика Мерчант
Сүйіктісінің хатын көйлегіне түсірген Радхика Мерчант. Фото: k4fashion.com

Анант пен Радхика қазір жабайы жануарларға қамқорлық жасап жүр: екеуі де қайырымдылықпен айналысады және күйеу жігіт Үндістанда пілдерге арналған госпиталь тұрғызған. "Вантара" деп аталатын жануарларды құтқару орталығында (263 гектар) екі мыңнан астам жануар тұрады.

Жануарларға ерекше қамқорлық жасайтындарын олар той кезінде де көрсетіп жүрді, мысалы күйеу жігіт қара қабылан бейнеленген (720 караттық зүбәржат!) танамоншақ тақса, қалыңдығы пілдің суреті салынған көйлек киген.

Анант Амбани
Анант Амбани. Фото: indiatoday.in

Радхика Мерчант
Радхика Мерчант. Фото: indianexpress.com

Еске сала кетейік, күйеу жігіттің әкесі – миллиардер Мукеш Амбани. Ол – Reliance Industries компаниясының төрағасы және басқарушы директоры, ал анасы – филантроп Нита Амбани. 67 жастағы Мукеш ерлі-зайыптыларға Дубайдағы Пальм-Джумейрадағы құны 80 миллион доллар тұратын, жеке жағажайы бар 10 бөлмелі вилланы сыйға тартқан болатын.

Бір айта кетерлігі, той өткен әулеттің үйі де сән-салтанаттан кенде емес. 27 қабаттан (173 м) тұратын зәулім үй Мумбайдың ең қымбат аудандарының бірінде орналасқан. Мұнда кинотеатр, мейрамханалар, сұлулық салоны, бассейн, би студиясы, спа-орталық, бір сөзбен айтқанда, қажеттінің бәрі бар.

27 қабаттан тұратын зәулім үй
27 қабаттан тұратын зәулім үй. Фото: indianexpress.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2135478-suiiktisi-zhazgan-hatpen-koilegin-bezendirgen-gasyr-toiyn-zhasagan-undilik-gashyqtardyng-mahabbat-hikaiasy/