jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырды

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Samuel Corum/Sipa/Bloomberg/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырды. Америкалық көшбасшы тапсырған COVID-19 сынағының нәтижесі оң болып шықты. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Ақ үйдің ресми сайтындағы мәлімдемесінде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Карин Жан-Пьер Лас-Вегастағы оқиғадан кейін президентке коронавирус диагнозы қойылғанын айтты.

"Оған екпе салынып, күшейтілген күтім жасалды, сондықтан президентте аурудың жеңіл белгілері байқалады. Ол Делавэрге оралады, сонда оқшауланып, осы уақыт ішінде өзінің барлық міндетін толық көлемде орындайды", - деді баспасөз хатшысы.

Президент дәрігерінің айтуынша, Байден 17 шілдеде түстен кейін жоғарғы тыныс жолдарындағы сырқат белгілерімен, оның ішінде мұрыннан су ағу, үздіксіз жөтел, сондай-ақ жалпы әлсіздікпен түскен.

РИА Новости агенттігінің ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, АҚШ президенті сырқатына байланысты Лас-Вегастағы UNIDOSUS конференциясында бұрын жоспарланған баяндамасынан бас тартуға мәжбүр болған.

Айта кетсек, бұған дейін Байден президенттік додадан қандай жағдайда бас тартатынын айтқан еді.

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.