Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп ресми түрде президенттікке үміткер атанды

Жарияланған күні:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Brett Carlsen/Bloomberg/Getty Images

Дональд Трамп Республикалық партиядан президенттікке үміткер болды. Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы президенті республикалық конгрессте мәлімдеді, деп хабарлайды "РИА Новости" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, Трамп Республикалық партияның ұлттық съезінде конвенцияның жоғары мемлекеттік лауазымға кандидат ретінде ұсынылуын қабылдағанын айтқан. Ол конгреске қатысушыларды күн сайын сайлаушылардың сенімін ақтауға тырысатынын және оларды ешқашан жерге қаратпайтынына сендірді.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.

Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған.

Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.

Дональд Трамп қастандықтан кейін желіде мәлімдеме жасады. Ол шұғыл әрекет еткен құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, қаза тапқан адамның туғандарына көңіл айтты.

Сондай-ақ ФТБ өкілдері Дональд Трампқа оқ атқан ер адам Пенсильвания штатындағы Бетел-Парк қаласының 20 жастағы тұрғыны Томас Мэтью Крукс екенін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2136711-donald-tramp-respublikalyq-partiiadan-prezidenttikke-resmi-umitker-atandy/