jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Зеленский Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Dursun Aydemir/Anadolu via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы президенті, биылғы сайлауға кандидаттардың бірі – Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Бұл жөнінде "Украинская правда" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Зеленский Трамппен сөйлескенін X әлеуметтік желісі арқылы хабарлады.

"Біз президент Трамппен жеке кездесуде қандай қадамдар бейбітшілікті әділ әрі шынайы тұрақты ете алатынын талқылауға келістік", - деп жазды Зеленский.

Трамп та Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасы арқылы Зеленскиймен сөйлескенін мәлімдеді.

"Президент Зеленскийге хабарласқаны үшін алғыс айтамын, өйткені мен Америка Құрама Штаттарының келесі президенті ретінде әлемге бейбітшілік орнатып, көптеген адамның өмірін қиған және сансыз жазықсыз отбасыларды жойған соғысты тоқтатамын.

Екі тарап жиналып, зорлық-зомбылықты тоқтататын және өркендеуге жол ашатын келісімге келе алады", - деді Трамп.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті
Зеленский Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.