jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Камала Харрис АҚШ президенттігіне кандидат болуға ниетті

Камала Харрис
Камала Харрис. Фото: Gettty Images/ Bloomberg / Contributor

АҚШ вице-президенті Камала Харрис Джо Байден бәсекеден шығатынын мәлімдегеннен кейін АҚШ-тың демократиялық партиясынан президенттікке кандидат болуға ниетті екенін мәлімдеді.

DW басылымының хабарлауынша, Харрис Дональд Трампты жеңу үшін Демократиялық партия мен ұлтты біріктіру үшін қандай шаралар қабылдайтынын айтты. Ол сондай-ақ Джо Байденге кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс айтты.

"Мен президенттің қолдауына ие болғанымды мақтан тұтамын және мен бұл номинацияны жеңіп алуға ниеттемін", - деді АҚШ вице-президенті.

Айта кетейік, АҚШ президенті Джо Байден президенттік бәсекеден шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы саясаткер өзінің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді. Ол президенттік бәсекеден шығуға шешім қабылдағанын, сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтты. Дегенмен Байден мерзімі аяқталғанға дейін АҚШ-тың президенті болып қалуға ниетті.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырып, емделіп жатқанын жазған едік.

Камала Харрис АҚШ президенттігіне кандидат болуға ниетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.