Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трампқа жасалған қастандық: АҚШ құпия қызметінің басшысы отставкаға кетті

Жарияланған күні:

Кимберли Читл
Кимберли Читл. Фото: Kent Nishimura/Getty Images

АҚШ құпия қызметінің директоры Кимберли Читл жақында елдің бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған қастандыққа байланысты қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ құпия қызметінің басшысы Кимберли Читл өз бақылауындағы агенттік 13 шілдеде Пенсильванияда Дональд Трампқа жасалған қастандықтың алдын ала алмағаны үшін қызметінен кетті.

Би-би-си Орыс қызметінің мәліметінше, Конгрестің жуырдағы тыңдауларында Читл қарашадағы сайлауда бұрынғы президент және Республикалық партиядан үміткер Трампқа жасалған қастандық соңғы онжылдықтағы "ең үлкен сәтсіздік" деп атап, бірақ отставкаға кету туралы екі партияның үндеуін қабылдамады.

Құпия қызмет президентті, вице-президентті, олардың отбасы мүшелерін және АҚШ президенттеріне жетекші кандидаттарды қорғауға жауапты болып саналады.

Дональд Трампқа жасалған қастандық

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.

Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған.

Арнайы қызмет өкілдерінің мәліметінше, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.

Дональд Трамп қастандықтан кейін желіде мәлімдеме жасады. Ол шұғыл әрекет еткен құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, қаза тапқан адамның туғандарына көңіл айтты.

Сондай-ақ ФТБ өкілдері Дональд Трампқа оқ атқан ер адам Пенсильвания штатындағы Бетел-Парк қаласының 20 жастағы тұрғыны Томас Мэтью Крукс екенін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2138757-trampqa-qastandyq-aqsh-qupiia-qyzmetining-basshysy-otstavkaga-ketti/