Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда тағы да сел жүрді: бірнеше көлік лай көшкінінің астында қалған (видео)

Жарияланған күні:

Қырғызстандағы сел
Қырғызстандағы сел. Фото: t.me/sputnik_kyrgyzstan_kg

Бүгін 23 шілдеде Қырғызстанда нөсерден кейін тағы да сел жүрді. Бірнеше көлік лай көшкінінің астында қалған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қырғызстандық ТЖМ-ның хабарлауынша, сағат 18:30 шамасында нөсерден кейін Арстан-Бап ауылында сел жүрген.

Лай көшкіні ішкі жолды шайып, түрлі техника, көліктер мен ғимараттарға зақым келтірген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жайлы ақпарат әзірге жоқ.

ТЖМ баспасөз қызметі ауылдағы аурухана мен сауда үйіне қатты зақым келгенін хабарлады. Сонымен қатар лай көшкіні ішкі жолды су басқан.

23 көлік, 4 экскаватор, 2 жүк артқыш көлік пен 1 аударғыш жүк машина су астына кетті. Оқиға орнына бірнеше аудандық басқарманың құтқарушылары жұмылдырылды (77 адам, 7 мототомпасымен).

Kabar.kg хабарлауынша, төтенше жағдай орнына өңірлік ведомствоның бастығы Абдулнасир Закиров барған.

Еске сала кетейік, бұған дейін 28 маусымда Қырғызстанның Ош облысында нөсер жауыннан сел жүрді.

Кейін селден кейін кәмелетке толмаған екі қазақстандық баланың денесі табылғаны белгілі болды. Ал кейінірек Сыртқы істер министрлігі сел кезінде жоғалып кеткен тағы екі қазақстандық баланың қаза тапқанын, олардың да денесі табылғанын хабарлады.

1 шілдеде Қырғыз премьер-министрі Ақылбек Жапаров сел неге соншалықты жойқын болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2138775-qyrgyzstanda-tagy-da-sel-zhurdi-birneshe-kolik-lai-koshkinining-astynda-qalgan-video/