jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Ол тура Байден сияқты": Трамп АҚШ-тың вице-президенті Камала Харристі сынға алды

Дональд Трамп
Фото: Alex Wong/Getty Images

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп әлеуетті бәсекелесі әрі вице-президент Камала Харристі сынға алды. Бұл тураалы ABC телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп сайлаудағы әлеуетті қарсыласы Камала Харристі сынға алды.

Дональд Трамп журналистермен сұқбатында Харристі "радикал" деп атады.

"Ол тура Байден сияқты, бірақ әлдеқайда радикалды. Ол радикалды солшыл және бұл ел радикалды солшылдардың елді құртып жібергенін қаламайды", - деді Трамп.

Кейінірек Newsmax-қа берген сұқбатында Трамп Харрис 2011 жылы аймақ прокуроры қызметін атқарған кезде "Сан-Франциско қаласын жойғанын" және оны "барлық жағынан нашар" деп мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, вице-президент Камала Харрис өзінің сайлауалды науқанындағы алғашқы митингісінде де Трампты қатаң сынға алып, Демократиялық партияның бірлігін қалпына келтіруге уәде берді.

Айта кетсек, 22 шілдеде АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден президенттік сайлаудан бас тартқанын мәлімдеді. Ол сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтқан.

"Ол тура Байден сияқты": Трамп АҚШ-тың вице-президенті Камала Харристі сынға алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.