"Сайлауға түсемін": Камала Харрис АҚШ президенттігіне үміткер екенін ресми түрде жария етті
Жарияланған күні:
Читать на русскомАҚШ вице-президенті Камала Харрис X желісіндегі парақшасында президенттік сайлауға қатысатынын растап, алғашқы видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Харрис АҚШ президенттігіне үміткер ретінде алғашқы видеосын жариялады.
"Мен – Камала Харрис және мен Америка Құрама Штаттарының президенттігіне үміткермін", - деп жазды Харрис X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бейнежазбада Камала Харристі, сондай-ақ Дональд Трампты қолдаған адамдардың кадрларын көруге болады. Видеода әнші Бейонсе мен рэпер Кендрик Ламардың орындауындағы Freedom әні қойылған.
Айта кетейік, 22 шілдеде АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден президенттік сайлаудан бас тартқанын мәлімдеді. Ол сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтқан.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырып, емделіп жатқанын жазған едік.
Джо Байден соңғы кездерде түрлі қылық көрсетіп жүргені мәлім. Мәселен, радиолардың біріне берген сұқбатында АҚШ-тың қазіргі президенті "қара нәсілді президент елді басқарған кезде жұмыс істеген алғашқы қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтатынын" айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2139811-sailauga-tusemin-kamala-harris-aqsh-prezidenttigine-umitker-ekenin-resmi-turde-zhariia-etti/