jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Харрис Трамппен пікірталасқа дайын екенін айтты

Камала Харрис
Камала Харрис. Фото: Andrew Harnik/Getty Images

АҚШ президенттігіне үміткер Камала Харрис қарсыласы Дональд Трамппен 10 қыркүйекте дебат өткізуге дайын екенін айтты. Харрис бұл мәселеде қарсыласы артқа шегінді деп есептейді.

Бұған дейін Трамп пен Байден арасындағы пікірталастардың екінші раунды 10 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ Байден сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

"Ол бұған дейін келіскен, енді артқа шегінген сияқты. Бірақ мен дайынмын", - деді Харрис журналистерге.

Айта кетейік, пікірсайыс ABC арнасында 10 қыркүйекте өтуі керек еді. Байден жарыстан шығып қалғаннан кейін, Трамп командасы Демократиялық партия кандидатының өзгеруіне байланысты ABC дебатына қатысуға кепілдік бере алмайтынын айтты.

Сонымен қатар үміткерлерге Fox News арнасы 17 қыркүйекте пікірталас алаңын ұсынды.

Айта кетейік, Камала Харрис АҚШ президенттігіне үміткер екенін ресми түрде жария етті.

Еске салайық, 22 шілдеде АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден президенттік сайлаудан бас тартқанын мәлімдеді. Ол сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтқан.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырып, емделіп жатқанын жазған едік.

Джо Байден соңғы кездерде түрлі қылық көрсетіп жүргені мәлім. Мәселен, радиолардың біріне берген сұқбатында АҚШ-тың қазіргі президенті "қара нәсілді президент елді басқарған кезде жұмыс істеген алғашқы қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтатынын" айтты.

Харрис Трамппен пікірталасқа дайын екенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.