Барак пен Мишель Обама АҚШ-тағы президенттік сайлауда кімді қолдайтынын айтты
Жарияланған күні:
Барак пен Мишель Обама телефон арқылы сөйлесу кезінде вице-президент Камала Харриске қолдау білдірді. Олар оның қарашадағы сайлауда жеңіске жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Осы апта басында Мишель екеуміз Камала Харриске телефон соқтық. Біз оған оның Америка Құрама Штаттарының фантастикалық президенті болады деп ойлайтынымызды және оны толық қолдайтынымызды айттық. Еліміз үшін осынау қиын кезеңде біз оның қараша айында жеңіске жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сіз бізге қосыласыз деп үміттенеміз", - деп жазды Барак Обама X әлеуметтік желісінде.
АҚШ-тың бұрынғы президенті мен оның әйелінің қоңырауын Харристің өзі растады.
"Сіздің қолдауыңызға ие болу – өте маңызды", - деп жазды вице-президент Обамамен телефон арқылы сөйлескен видеосын бөлісе отырып.
Видеода Обама отбасы АҚШ-тың алдағы президенттік сайлауында оны қолдайтынын айтты.
Еске салайық, 22 шілдеде АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден президенттік сайлаудан бас тартқанын мәлімдеді. Ол сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтқан.
Көп ұзамай Камала Харрис АҚШ президенттігіне үміткер екенін ресми түрде жария етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2140263-barak-pen-mishel-obama-aqsh-tagy-prezidenttik-sailauda-kimdi-qoldaitynyn-aitty/