jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ердоған Израильге қатысты тағы мәлімдеме жасады

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: Mustafa Kamaci/Anadolu Agency via Getty Images

Президент Режеп Тайип Ердоған бір кездері Түркия Таулы Қарабақ пен Ливияға кіргендей, Израильге де "кіре алатынын" айтты.

Түркия басшысы бұл мәлімдемені билеуші партияның Ризе провинциясындағы филиалының отырысында айтты, оның сөйлеген сөзі телеарналарда көрсетілді, деп жазады РИА Новости агенттігі.

Ердоған мәлімдемесінде ең алдымен түрік қорғаныс өнеркәсібінің жетістіктерін атап өтті. Оның пікірінше, егер олар маңыздырақ болса, Израиль "Палестинаға жасағанын жасамас еді".

"Күшті болуымыз керек. Ливияға, Қарабаққа кіргеніміздей, оларға да соны істейміз (Израиль – ред. ескертпесі). Біздің қолдан келмейтін нәрсе жоқ", - деді Ердоған.

Айта кетейік, наурызда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Газадағы жағдай туралы пікір білдіріп, Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды "геноцид" деп атады.

Ал 2023 жылғы желтоқсанда Түркия мен Израиль басшылары бірін-бірі айыптады. Ердоған Нетаньяхуды Гитлермен салыстырды, Израиль премьер-министрі бұл сөзге жауап берді.

Биньямин Нетаньяху сол кезде: "Күрдтерге қарсы геноцид жасап жатқан, оның билігіне қарсы шыққан түрмедегі журналистердің саны бойынша әлемдік рекорд орнатқан Ердоған – бізге мораль "оқитын" соңғы адам", - деп жауап берді.

Бұған дейін Түркия президенті "БҰҰ-ны әрекетке қабілетсіз" ұйым деп атап, оның құрылымын өзгертуге шақырды.

2023 жылғы күзде Газадағы оқиғаларға байланысты Түркия Израильдегі елшісін қайтарып алды.

Ердоған Израильге қатысты тағы мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.