Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше адам зардап шеккен: Ресейде "КамАЗ" бен жолаушылар пойызы соқтығысты (фото, видео)

Жарияланған күні:

Пойыз рельстен шығып кетті
Пойыз рельстен шығып кетті. Фото: t.me/shot_shot

Ресейдің Волгоград облысында жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы Ресей теміржолдарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресей темір жолдары компаниясының Telegram-дағы ақпаратынша, бүгін сағат 12:35-те Волгоград облысындағы Гремячая — Котельниково өткелінде "КамАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі теміржолға шығып кетіп, № 491 "Қазан-Адлер" жолаушылар пойызына соқтығысуға жол берген.

Нәтижесінде жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кеткен. Нақты қанша адам зардап шеккені әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта аумақта пойыздардың қозғалысы тоқтатылған.

Telegram-дағы SHOT арнасының ақпаратынша, қазір жолаушыларды эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Арна берген мәліметке сүйенсек, пойыз апатынан 37 адам, оның ішінде алты бала жарақат алған. Төрт адам ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккен әйелдердің бірінің аяғы қысылып қалған, қазір оған шұғыл қызметтер көмек көрсеетіп жатыр.

"ТАСС" мәліметінше, жолаушылар вагондардан өздері шыққан. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі басылымға зардап шеккендер эвакуацияланып жатқанын, екі тікұшақ ұшуға дайын екенін хабарлады.

"РБК" ақпаратынша, жолаушылар пойызымен соқтығысқан "КамАЗ" жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы басылымға Ресей Ішкі істер министрлігінің өкілі Ирина Волк мәлімдеген.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2141397-reseide-zholaushylar-poiyzynyng-zheti-vagony-relsten-shygyp-ketti/