Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль армиясы Ливан астанасына соққы жасады (видео)

Жарияланған күні:

Бейрутқа жасалған соққы
Бейрутқа жасалған соққы. Видеодан кадр: t.me/rian_ru

Израиль әскері Бейрутқа әуеден соққы жасағанын хабарлады. "Израильдік бейбіт тұрғындарды өлтіруге жауапты делінетін Хезболла командирі" басты нысана болған деген болжам бар.

"РИА Новости" агенттігінің Telegram арнасында хабарлауынша, Израиль армиясы Бейрутқа соққы жасағанын хабарлады. Армия нысанасы "израильдік бейбіт тұрғындарды өлтіргені үшін жауапты" командир болған.

Агенттік ақпаратынша, Израиль қорғаныс министрі Бейрутқа жасалған соққы туралы мәлімдемесі аясында Хезболла қызыл сызықтан өтті деп айтқан.

"РБК" хабарлауынша, соққының нысанасы әскерилер "Голан жотасындағы Мадждаль-Шамс ауылындағы балалар мен бейбіт тұрғындардың өліміне жауапты" деп атаған командирлердің бірі болған. Басылым жазуынша, бұл Хезболланың жоғары шенді қолбасшысы саналады.

Times of Isreal газетінің жазуынша, армия соққысының нысанасы лаңкестік топ жетекшісі Хасан Насралла террористік тобының аға кеңесшісі Хадж Мохсин деген атпен белгілі Фуад Шукр болды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Би-би-си Орыс қызметі Израиль қарамағына алған Голан жоталарына зымыранмен жасалған соққы салдарынан 12 адам қаза тапқанын хабарлаған болатын. Зардап шеккендердің көпшілігі балалар мен жасөспірімдер деп болжанған.

Осыдан кейін Израиль футбол алаңындағы адамдардың қазасына Ливандағы Хезболлаға қарсы соққылармен жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2142138-izrail-qorganys-kushteri-livan-astanasyna-soqqy-zhasady-video/